Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік тұрғын үш жыл бұрын жоғалған бауырын тапты Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2024610-symkenttik-turgyn-us-zyl-buryn-zogalgan-bauyryn-tapty/

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2023
  • 1106

Шымкенттік полицейлер осыдан үш жыл бұрын байланысы үзілген бауырлардың қайта қауышуына себепкер болды. 

Ақпараттық порталдың жазуынша, Абай АПБ көші-қон қызметі бөлімінің тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғын туған інісімен байланысы үзіліп, хабарсыз қалғаны жайлы өтінішпен жүгінген. Қала тұрғынының айтуынша, бауыры 2020 жылы Алматыға жұмыс істеуге кетіп, аман-есен жеткенін айтып, кейін мүлдем телефон соқпай, хат жазбай, байланыс үзілген. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, әйел полицияның көмегіне жүгінген. Тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына кіріскен. Ер адам болуы мүмкін деген құрылыс алаңдарын, базарларды, жалдамалы пәтерлерді тексеріп, оны білетін және көрген адамдардың бәрінен сұрастыраған. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ер адам Астана қаласынан табылған. Белгілі болғандай, ол қиын өмірлік жағдайға тап болып, әпкесінің телефон нөмірін жоғалтып алып, содан қайта байланысқа шығуға мүмкіндік болмаған.

Осылайша, полиция қызметкерлері оны Шымкентке жеткізіп, әпкесімен қайта қауыштырған.