Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бірнеше жүк көлігі өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2023
  • 782

Шымкенттегі көлік жөндеу орталықтарының бірінде үш жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 маусымда сағат 04:15-те Тұран ауданында, Алматы тас жолындағы "Жібек жолы" базарына қарама-қарсы орналасқан жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсету орталығындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт 05:02-де ауыздықталып, 05:20-да толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 10 техника, жеке құрамның 59 адамы, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.