Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2023
  • 1250

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызға зорлық жасалды. Қылмыс жасаған болуы мүмкін күдікті қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қыз зорлық-зомбылыққа ұшырады. Облыстық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қылмыс жасауы мүмкін деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.