Русский Сайттың толық нұсқасы

Синоптиктер Қазақстанның жеті облысында қатты ыстық болады деп болжады

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2023
  • 868

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 15 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ашық болады.

"Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста фронтальды бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жауады", – дейді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, күндіз батыста шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында қатты ыстық болжанды.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +24+26°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С.