Жетісу облысында мотоцикл жүргізушісі баланы қағып өлтірді, қайғылы оқиға бүгін, 14 маусымда Ескелді ауданында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ешкіөлмес ауылында 11 жасар қызды спорттық мотоцикл қағып кетті. Ол аудандық ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде есін жимастан мерт болды.
Жол-көлік оқиғасынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де қатты зардап шекті.