Русский Сайттың толық нұсқасы

Қатты жел: ШҚО-да 100-ден астам адам өртті өшіре алмай жатыр

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2023
  • 928

Шығыс Қазақстан облысында 100-ден астам адам қатты жел салдарынан дала өртін ауыздықтай алмай жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 маусымда түнде Алтай ауданы Северное ауылынан 7 шақырым қашықтықтағы жетуі қиын таулы жерден өрт шыққан. Тілсіз жау шөп пен бұталарды шарпыды. Сағат 06:25-те 3 гектарға жайылған от өшірілді.

Алайда сағат 11.00 шамасында Северное ауылынан 10 шақырымдай жерде қайтадан өрт шықты. Өртті өшіруге жетуі қиын таулы жер мен бағытын үнемі өзгертететін жылдамдығы секундына 20 метрдей қатты жел кедергі келтіріп отыр.

"Қазіргі уақытта сол жерге облыстық ТЖД қызметкерлері, орманшылар және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен 102 адам және 7 техника жұмылдырылған. Жеке құрамды жану орнына жеткізу үшін МИ-8 АП тікұшағы да тартылды. Алдын ала дерек бойынша өрт аумағы – 15 гектар. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ақпаратта.