Русский Сайттың толық нұсқасы

"Анасына өте ауыр": Мөлдір Әуелбекова істі болған Төреғалиға қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2023
  • 1615

 Күні кеше отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Төреғали Төреәлінің әріптесі Мөлдір Әуелбекова осыған қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген.

Желі қолданушысы Мөлдір Әуелбековадан "Қалай ойлайсыз, Төреғалидің жасағаны дұрыс па, бұрыс па?", - деп сұраған.

Ал Мөлдір Әуелбекова оның бұл әрекетін дұрыс дей алмайтынын атап өтті.

"Әрине, "дұрыс" деп айта алмаймын. Ал жалпы, Төреш, оның отбасы жақсы адамдар. Ол да бір ананың баласы. Ұл мен қыздың әкесі. Бір білерім, оның да іштен тынып, сыр білдірмей жүрген сынақтары бар. Кейбіреулер желіге ауыр сөз жазарда ойланса екен. Анасына өте ауыр ғой. Аналар жыламасыншы", - деп жазды Әуелбекова.