Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталып, елге әкелінді. Ол лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 миллион тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған. Халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні Грузияның Әділет министрлігі анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.