Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің Кеңқияқ ауылында жарылыс болып, 48 жастағы әйел зардап шекті

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында кәріз сорғылау станциясында жарылыс болып, 48 жастағы қызметкер зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша оператор кәріз жинау бекетінің ішінде сіріңке жаққан көрінеді. Сол кезде газ бен ауа қоспасынан жарылыс болған. Зардап шеккен 48 жастағы әйел дереу аудандық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілген. Дәрігерлердің айтуынша, денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Кеше түнде науқас санавиациямен облыс орталығына жеткізілген. Ал оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Қуанышбек СЕРІКЖАН, КЕҢҚИЯҚ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Аталған азаматша кәріз сорғылау стансасында бірнеше жылдан бері қызмет атқарады. Аталған станса «Кеңкияқ-СК» коммуналдық мекемесіне тиесілі. Қазіргі таңда науқас Ақтөбе қаласына облыс орталығына жеткізілді.