Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің іргесіндегі Шәмші Қалдаяқов ауылының тұрғындары қалаға қатынай алмай отыр

Ақтөбенің іргесіндегі Шәмші Қалдаяқов ауылының тұрғындары қалаға қатынай алмай отыр . Облыс орталығынан 40 шақырым жердегі елдімекенге қоғамдық көлік бармайды. Осы күнге дейін халық қалаға таксимен қатынап келген. Ал жуырда таксистер жолақысын 800 теңгеге аспандатып жіберіпті.

Жайықгүл КЕНЖЕҒҰЛОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

3-4 жыл болды. Тоқтап тұр. Тек таксиге күніміз қарап тұр.

400 болды,одан бес жүзге көтерді, онда үндеген жоқпыз. 600 теңге болды үндеген жоқпыз. Енді 800-ге бірден көтеріп жіберіп тұр ғой. Қалаға бару қиын. Біреудің жағдайы көтереді. Біреудікі көтермейді. Мысалы менікі көтермейді.

Көршілес Шилісай ауылына күніне үш рет қаладан 80 теңгеге қоғамдық көлік қатынайды. Шәмші ауылы да бұрын Шилісай секілді қалаға қарасты елдімекен болған. Бірақ қазір Қарғалы ауданының Желтау селолық округына қарайды. Жергілікті билік тұрғындар шу көтергеннен кейін мәселені шештік дейді. Енді ауылдан күніне үш рет «Газель» көлігі қатынайтын болды. Жолақы- 350 теңге.

Азамат ЫРЗАҒҰЛОВ, «ЖЕЛТАУ» АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Таксиге байланысты проблема демалыс күндері шықты. Тез арада альтернатива қылып газель шығардық. Қазір 350 теңгемен. Бұған дейін такси 600 теңге болды. 800-ге көтеріп, сосын газель шықты.