Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте су мен электр энергиясының тапшылығы жыл соңына дейін толық шешіледі

Шымкент қаласының экономикалық ахуалы жақсарып келеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шаһар басшысы осылай деді. Соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 есе артып, 937 миллиард теңгені құрады. Ал бюджет 4 есеге артқан. Мегаполисте білім мен денсаулық саласы да жүйелі жұмыс жасауда.

Шымкент қаласы Республикалық мәртебе алғанына биыл 5 жыл. Осы уақыт арасында өңірге 2 трлн теңге инвестиция тартылған. Жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өндірістік аймақ қала халқын 13 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етуде. Алдағы жылдары құны 400 млрд теңгені құрайтын тағы 5 аймақ іске қосылмақ. Шаһарда әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 22 процентке төмендеген. Өңірде кәсіпкерлік саласын қолдау үшін мемлекет тарапынан 3000 мыңнан астам жоба қаржыландырылған. Сонымен қатар «іскер қала» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 153 жобаға қолдау көрсетілген.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл ретте жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық мөлшерде 10 млн теңгеге дейін несиелендіру қаралған. Одан басқа бағдарлама аясында кәсіпкерлерге өндірісте бағытталған жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Атап айтқанда, 2 пайыздық мөлшермен 50 млн теңгеге дейін несие алуға болады.

Қалада 81 елдімекен бар. Тең жартысы тіршілік нәрі мен электр энергиясына зәру. Қала басшысы мәселе жыл соңына дейін шешілетініне уәде берді. Табиғи газбен шаһардың 94 пайызы қамтамасыз етілген. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 процентке жеткізілмек. Кәріз жүйесі де басты назарда.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біріншіден біз кәрізді тазарту станциясын ұлғайту керек. Биыл Европалық банкпен, мемлекеттің көмегімен 50 мың кубтық кәрізді тазарту станциясын бастап кеттік. Екінші, 2-3 колллектор салып жалпы 2025 жылы 75 пайызға жеткіземіз.

Денсаулық, білім саласында жүйелі жұмыстар жасалуда. Мәселен, биыл 28000 орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 3 ауысымды білім нысандары азаяды.