Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытау облысында арнайы операция кезінде 23 адам ұсталды

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2023
  • 1417

Полицейлер арнайы операцияның нәтижесінде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында 23 адам ұсталды, олардың арасында астыртын "кәсіпорынның" ұйымдастырушысы 29 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны да бар.

"Полиция қызметкерлері оқиға орнынан таразы, уатқыш машина, 2 тоннадан астам алтын кенін, 70 грамға жуық алтын тәркіледі. Сондай-ақ жеті арнайы техника: жүк көліктері, самосвалдар, экскаватор және әскери оқтарды ататын етіп жасалған тапанша тәркіленді", – дейді ведомство өкілдері.