Биыл қаңтар–сәуір айларында елімізде 7,04 мың тонна өңделген және консервіленген көкөніс (картоптан басқа) өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артық, деп хабарлайды Астана телеарнасы Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері 3,09 мың тонна көкөніс және 3,72 мың тонна қызанақ консервілері өндірілді.
Сонымен қатар 1,29 миллион литр көкөніс шырыны өндірілді. Оның ішінде 1,25 миллион литр қызанақ шырыны бар.
Биыл мамырдағы қорытынды бойынша өңделген және консервіленген көкөністердің бағасы бір айда 1,4%-ға және бір жылда бірден 24,6%-ға өсті. Өткен жылмен салыстырсақ, 16,7%-ға өскен.
Өңделген және консервіленген көкөніс көбіне БҚО-да қымбаттағаны байқалды (жыл ішінде 43,4%-ға өскен). Одан бөлек, Жетісу облысы мен Қызылорда және Маңғыстау облысында бағаның айтарлықтай өскені байқалды.
Мамыр айындағы қорытынды көрсеткендей, аздаған қымбаттау Ұлытау облысында тіркелді сол сияқты Ақтөбе және Атырау облыстары да осы қатарда.
Өңделген немесе консервіленген көкөніс арасында жыл ішіндегі ең жоғары баға жасыл бұршаққа (30,3%) тиесілі.
Одан кейін консервіленген жүгері (28,1%), консервіленген және маринадталған көкөніс (27,6%) және мұздатылған көкөніс (24,9%).
Тұздалған және маринадталған қияр 24,1%, картоп чиптері 21,9%, тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтар бір жылда 21,1%-ға қымбаттады. Көкөніс шырындары бір айда 1,9%, ал жыл ішінде 27%-ға қымбаттаған.
Өңірлер арасында көкөніс шырындарының ең жоғары бағасы тағы да БҚО-да тіркелді (жыл ішінде 52,8%-ға қымбаттады). Одан кейін Жетісу облысы (42,8%), ШҚО (38,1%) және Түркістан облысы (36,7%).
Ал Алматыда (13,8%), сондай-ақ Алматы облысы (20,6%) және СҚО-да (20,7%) көкөніс шырындары аздап қымбаттады.