Русский Сайттың толық нұсқасы

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2023
  • 860

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Бүгін сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы басталды. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді.

Барлығы екі кандидат ұсынылды. Олар – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Кандидаттарды мәслихаттардың 153 депутатына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды.