Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте қызметкері токқа түсіп қайтыс болған дәмхана иесіне сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2023
  • 924

Шымкентте қызметкері токқа түсіп қайтыс болған тамақтану орталығының иесіне сот үкімі шықты.

Оқиға өткен жылдың шілде айында болған. Тамақтану орталығындағы ас үйді жинап жүрген есепшінің көмекшісін электр тогы соққан. Соның салдарынан кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қайтыс болды. Қауіпсіздік техникасының сақталмауы, өнеркәсіптік санитария мен еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларының орындалмауы абайсызда адам өліміне әкеп соқты.

Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы және Көші-қон басқармасының қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде жұмыс берушінің кінәсі 100%, ал жұмысшының кінәсі 0% екендігі анықталған.

Сот үкімімен тамақтану орталығының иесіне ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен 1 жыл 5 ай 18 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сай, сотталушы 2022 жылғы 25 қыркүйектен 2023 жылғы 12 маусым аралығында күзетпен ұстауда болған уақыты қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылды. Жаза мерзімінің өтелуіне байланысты ол жазаны өтеуынша төмен мекемеде жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылды. Жаза мерзімінің өтелуіне байланысты ол жазаны өтеуден босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.