Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров парамен ұсталды. Шендіні жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ақша алып жатқан кезде қолға түсірген. Ол кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін пара алды деген күдікке ілініп отыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Естеріңізге салайық, бұған дейін де қала әкімінің орынбасары тендерді конкурссыз бере салғаны үшін айыппұл арақалаған болатын. Ол жолы да мемлекеттік сатып алу заңын бұзып, 17 келісім шартты бір ғана кәсіпкермен жасасқан.