Ақтөбенің Темір ауданы Кеңқияқ кәріз сорғы бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен әйелдің жақындары оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Олар 48 жастағы Ирина Казанкинаны жұмыс орнында жарық жағамын деп зардап шекті дейді. Тәжірибелі жұмысшы сіріңкі тұтатты деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтады.
Еске салайық, 14 маусым күні кешкілік кезекшілікті қабылдап алған Ирина кәріз жиналатын бөлмеген келіп жарықты қосқан. Сол сәтте жойқын жарылыс болып, денесінің 95 пайызы күйіп қалды. Қазір ол аурухананың жаңсақтау бөлімінде жатыр.
Жанат ЖАҚЫПОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ КЕЛІНІ:
Сол помещениеге кіріп светті қосады. Өйткені ол жақ қараңғы болады. Ал техбезопастность бойынша оказывается ол жақта тәулік бойы свет жанып тұру керек екен және мұндай лампа болмауы керек екен. Бізге солай айтып жатыр. Светті жаққанда вспышка болып, взрыв болып, есіктен далаға қарай енемді лақтырып жіберген.
Виктор КАЗАНКИН, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ҰЛЫ:
Олар менің шешемді кінәлі еткісі келіп тұр. Сол үшін біз біз тырысып жатырмыз. Олар бүкіл әлеуметтік желісі салып жатыр. Шырпы жақты өйтті-бұйтті. Қазір мамамның жағдайы нашар. Сөйлеп жатыр. Бірақ жағдайы ауыр.
Жәбірленушінің жақындары бұл оқыс оқиғаның дұрыс тексерілуін сұрап отыр. Айтуынша, кәріз станциясына бұрын мұнай төгілген, содан газ жарылысқа себеп болуы мүмкін дейді. Облыстық еңбек инспекциясының мамандары тексеріс бастады.
Қуаныш КАМИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Бұл кәріз сорғысы ғой. Онда желдеткіш бар. Сондықтан бұл жағдайда шырпыдан болуы мүмкін емес. Екі- үш нұсқа бар. Әуелі электр желісі немесе лампадан болуы мүмкін деген. Тексеріліп жатыр.