Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі ағасының жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Фаризаның сөзінше, анасына да тіл тигізіп жатқандар бар. Ол оқырмандарын артық сөз айтпауға шақырған.
"Алда кімді не күтіп тұрғаны, ертең не болары, кімнің қандай жағдайға тап болары белгісіз ғой. Ешкім гарантия бермейді. Сондықтан артық сөздің керегі жоқ. Анама дейін тіл тигізіп, артық кетіп жатыр. Қазір маған ең маңыздысы, шыны керек, ол - жақындарымның амандығы", - дейді ол7
Сонымен қатар, Фариза бұған дейін де айтылған әңгімелерге еттері үйренген жеткізген.
"Әрине, біз мықтымыз, мықты болғасын да осындай деңгейге жеттік Алла қалауымен. Аллаһ көтере алатын адамға ғана сынақ береді. Осы уақытқа дейін түрлі сөзді көтеріп келеміз, үйреніп қалдық қой. Уайымдап жатқан оқырмандарым, сіздерді жақсы көремін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, кеше Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.
"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
Сондай-ақ, өнер иесі 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр.
Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.
"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.