Руслан
Күлекбаевқа өлім жазасы берілсін. Алматы қаласы прокурорының көмекшісі
Жарқынбек Бақашбаев айыпталушыға осындай жаза сұрады. Ол өз сөзінде Қылмыстық
Кодекстің 291-бабының 2-тармағымен, Конституцияда ең ауыр жаза - өлім жазасы
террорлық акті жасағандарға қолданылатыны жайлы жазылғанын айтты.
Жарқынбек
Бақашбаев, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі:
ҚР
Қылмыстық кодексінің 255 бап 4 бөлігімен
мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы
берілуін сұраймын.
Прокурор
Күлекбаев ісі бойынша жауапқа тартылып жатқан 5 сыбайласын да жазасыз
қалдырмауды сұрады. Олардың мүлкін тәркілеп, 3
жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру керек деді. Ал, басты
айыпталушы Руслан Күлекбаев соңғы сөзінде қандай жазаға да көнетінін айтты.
Руслан
Күлекбаев, айыпталушы:
Маған
өлім жазасы болсын, мәңгілік отыру
жазасы болсын, қандай зорлық -зомбылық
болсын бәріне иншаллаһ сабыр етемін.
Және маған қолданған заңынан Аллаһтың жаратқан шыбыны шақса, сол маған қатты батады. Қалғаны маған жай ғана.
Бұл іс бойынша сот үкімі
2 қараша күні шығарылатыны белгілі болды.