Русский Сайттың толық нұсқасы

Р. Күлекбаев ісі сотқа жолданды

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2016
  • 1311

Алматыда 18 шілдеде болған терактіге қатысты тергеу ісі аяқталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу тобы 57 сот сараптамасын жасап, оқиғаның 200-дей куәгерін сұраған. 60 томнан тұратын қылмыстық іс бүгін сотқа тапсырылды. Руслан Күлекбаевқа террорлық акт жасады, құқық қорғау органының 8 қызметкері мен 2 бейбіт тұрғынды өлтірді, 3 адамның өміріне қауіп төндірді деген баптармен айып тағылды. Іс Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады.