Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік көліктерді заңдастыру 2 аптадан соң аяқталады

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2023
  • 663

Екі аптадан кейін шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтіп отыр.
Сондай-ақ 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.
Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды. Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмай, тиісінше заңдастырылмаған темір тұлпарлар ел аумағында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қойылады.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданады», - деп түйіндеді Әкімшілік полиция комитетінінің төрағасы.