Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі әскери полигонда офицер шеруден кейін қайтыс болды - БАҚ

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2023
  • 1273

Шымкентте офицер әскери полигонда шеруден кейін қайтыс болды. Оқиға Ақтас полигоны базасындағы №6506 әскери бөлімінде болған.

Бұл жөнінде әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенген Орда.kz сайты жазады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Офицердің өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған.

Болжам бойынша 20 шақырым жаяу жүріп өткен екі офицер өздерін нашар сезіне бастаған. Оларды дереу ауруханаға жеткізеді.

“Әскери қызметкердің біреуі есін жимастан қайтыс болды”, – делінген ақпаратта.

Әскерилердің денсаулығының нашарлауының себебі қатты ыстық болуы мүмкін екені айтылады.

Әскери бөлім бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.