Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде шыққан өрт оқшауланды

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2023
  • 864
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде шыққан өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында Катонқарағай ауданының Сенное ауылынан 3 шақырым жерде алдын ала аумағы 15 гектар құрғақ шөп пен бұталар жанған болатын. 18 маусымда сағат 14:00-де өрт оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 11 қызметкер, орман шаруашылығынан 99 адам және 3 техника, Авиаорманкүзеті 6 адам және жергілікті атқарушы органнан 7 адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.