Жаңаөзендіктер бейнежазба арқылы жолға төселген ерекше асфальтты көрсетті. Оның беткі жабыны кілем сияқты жұп-жұқа, тіпті қолмен орауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada басылымының жазуынша, видео "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып саналатын №1 мұнай-газ өндіру басқармасының жанындағы жолда түсірілген.
Мұндай "ноу-хау" жергілікті халықтың көңілінен шықпаған.
"Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі видеоға түсініктеме бере отырып, 2023 жылдың қаңтарында Жетібай – Қарамандыбас – Жаңаөзен тас жолы жөнделгенін мәлім етті.
Алайда мамыр айында жолдың жоғарғы бөлігінжа ойықтар пайда болып, мердігерге кемшіліктерді жоюды талап ететін хат жолданған.
"2023 жылғы 6 маусымда "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК филиалына жолдардың сапасын тексеру үшін хат жолданды".
"Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі
Сараптама қорытындысына сәйкес қабылданған шешім бойынша, мердігер мекеме өз қаражаты есебінен кемшіліктерді жою жұмыстарын жүргізетіні белгілі болды.