Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент ШҚО әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады. Президент өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді. Азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз ету керек екенін айтты. Коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғыртып, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтауды тапсырды.