Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қарумен келген". Өскеменнің ішкі істер органдарымен текетіресте жүрген қылмыстық топ ұсталды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2023
  • 607

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20-дан аса қылмыстық топ қатысушыларын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2023 жылғы 15 маусымда ҰҚК Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесулерінің жолын кесті.

Операция барысында қала кафелерінің бірінде 20-дан аса қылмыстық топ қатысушылары ұсталды, кейбіреулері бұл жерге қаруларымен келген.

Күдіктілерден 2 "Макаров" тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, "тегіс ұңғылы шолақ мылтық", дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.