Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда бала ағаштан құлап, жансақтау бөліміне түсті

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2023
  • 797

Әлеуметтік желіде Оралда бала биік ағаштан құлап, мойнын сындырып алғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Пост авторының айтуынша, бала допты аламын деп көтеріліп, құлап кеткен. Оқиға басқа балалардың көзінше болған.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың қалалық көпсалалы ауруханаға 18 маусымда сағат 21:36-да түскенін хабарлады. Баланы нейрохирург, травматолог, хирург және реаниматолог тексерген. Оның бас сүйегі, мойын омыртқасы, кеуде және құрсақ қуысы мүшелері, жамбас сүйектерінің рентгенографиясы түсірілді. Содан кейін реаниматологтың сүйемелдеуімен зардап шегуші облыстық көп бейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Бала жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Бөлім дәрігерлік құпияны алға тартып, баланың диагнозын жария етуден бас тартты. Алайда бала есін жиып, өзін жақсы сезінетінін баса айтты.