Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді жеңілдетілген автонесие бөлінген қаржы қоғамдық көліктерді жаңарту үшін жұмсалады

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2023
  • 844

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесиеге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ақорда кулуарында журналистер министрден жеңілдетілген автонесие беру қашан жалғасатынын сұрады. Қарабаевтың сөзінше, жеңілдетілген автонесиеге бөлінген ақша қоғамдық көлікті несиелендіруге жұмсалады. 

"Қазір револьверлік қаржы жинақталған. Жеңілдікті автокредиттеуден түскен қаражатты қоғамдық автокөлікті кредиттеуге қайта бағыттау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Біз бірқатар өңірлерде болдық, әкімдік өкілдері автопаркті несиелеу мәселесін көтеріп жатыр", - дейді министр.

Марат Қарабаевтың сөзінше, Қостанайда қоғамдық көліктің 90 пайызы тозып кетсе, Талдықорған мен Оралда қоғамдық көліктердің 70 пайызы тозған.  

"Біздің міндетіміз - қолда бар қаржыны барынша тиімді пайдалану. Осыған байланысты біз жеңілдікті автонесиеге - қоғамдық көлікті несиелеуге қаражат жіберу мүмкіндігін қарастырамыз. Оны күніне 9,3 миллион қазақстандық пайдаланады. Біз үшін басымдық-олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға бағытталатын болады", - дейді Қарабаев. 
"Менің түсінгенім бойынша, қазақстандықтар жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша авто сатып ала алмайды ма?", - деп сұрады журналист. 
"Енді қаржы қоғамдық көлікті қаржыландыруға жұмсалады", - дейді Қарабаев.