Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2023
  • 703

Қазақстандықтар шілде айында 11 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде - сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге - жұма күніне ауыстырылды.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.

Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.