Русский Сайттың толық нұсқасы

Баян Алгөзованың қызы әкесінің туыстарымен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2023
  • 779

Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесіне қатысты сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқырманның: “Әкеңіздің туыстарымен араласасыз ба?” деген сұрағына: “Жоқ, біз ешқашан жақын болған емеспіз”, – деп жауап берді. Блогерден ата-енесі жайлы сұрағандарда да болды.

Желі қолданушыларының бірі: “Күйеуіңіздің ата-анасымен бірге тұрып көрдіңіз бе? Бірге тұру сіз үшін ыңғайлы ма, жоқ па?” деген сауал жолдады. Айсәуле ата-енесімен арақатынасы жайлы кеңінен тарқатып айтты.

“Алғашқы жарты жыл ата-енеммен бірге тұрдық. Қазір бөлек тұрып жатқанымызға үш жыл болды. Ата-енем керемет жандар. Ешқашан біздің арамызға түспейді. Бірге тұрған кездің өзінде үйді жинайтын, тамақ жасайтын үй күтушіміз болатын. Бірақ бөлек тұрғанға ештеңе жетпейді”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.