Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореяда 170 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2023
  • 805

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы қонақ үйдің жертөлесі өртенді. Сондықтан, 170 адам қауіпсіз жерге көшірілді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, түтіннен уланған 31 адам жергілікті ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Құтқарушылар адамдарды отельден шығару үшін тікұшақтар мен сатысы бар жүк машиналарын қолданған. Соңғы хабарға қарағанда, лапылдаған жалын сөндірілді. Қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ.