«Алматы-Екатеринбург» тас жолында Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей «Тайота» және «Ниссан» көліктері соқтығысып 6 адам қайтыс болды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Қос автокөліктің жүргізушілері және 4 жолаушы алған ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.
Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді.
Жантүршігерлік жол апаты полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар жасалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.