Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңалту орталығына бара алмай жүрген батысқазақстандықтардың мәселесін Денсаулық сақтау министрлігі қарайды

Арнамызда көтерілген мәселе жауапсыз қалмады. Батыс Қазақстан облысындағы әскери сынақ полигондарынан зардап шеккендердің оңалту орталығына жете алмай жүргенін осыған дейін айтқан едік. Тұрғындар бұған дейін көршілес Жаңақала ауданындағы оңалту орталығында ем-дом алған. Бірақ үш жыл бұрын денсаулық сақтау министрлігі медициналық оңалту көмегі көрсетілетін арнайы аурулар тізбесін бекіткен. Бірақ мұнда полигон аумағындағы халыққа арнайы санат қарастырылмаған. Тек нақты аурулардың тізімі ғана көрсетіліпті. Осы тізімге ілікпеген тұрғындар қазір оңалту орталығына бара алмайтынын айтып, шағымданған болатын. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұған қатысты министрлікке хат жолдағанын жеткізді.

Жазира ФАЙЗУЛЛИНА, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Қазақстан денсаулық сақтау министріне хат жазған болатынбыз өзгеріс енгізу туралы. Ол хат енді қарастырылып жатыр. 2020-жылғы 7-қазандағы 116-бұйрығына сәйкес, біз ол науқастарды жолдай алмай жатырмыз. Жаңағы осы науқастарды жолдау үшін жолдарын қарастыруды сұрадық олардан мүмкіндік жасау мақсатында.