Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада іскер әйелдер қауымдастығы кәсіпкерлік бағытта семинар өткізді

Елордада іскер әйелдер қауымдастығы кәсіпкерлік бағытта семинар өткізді. Оған 80-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Шараны ұйымдастыруға «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы атсалысқан. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлікті қолдау бойынша іс-шаралар көзделген. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау бойынша әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа жұмыс орнын құру, «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында 1200-ден астам кәсіпкерлік жобаларды қолдау және екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне 200-ден астам жаңа жобаларын тарту мақсаты бар.

Сәуле САМИДИН, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Негізінен бұл біздің қол еңбегімен айналысатын, жергілікті шикізаттан бір нәрсе жасайтын әйелдер. Яғни, ірімшіктер сүттен өз рецептін жасай алады, және біз оны басқа деңгейге көтеріп, оларды «орауға», брендтеуге, даму стратегиясын құруға көмектесеміз. Кейбір аймақтарда әйелдер, мысалы, бір ауыл, олар жиналып, бір өнімді бірдей стандартқа сай жасайды, содан кейін олар масштабтап, нарыққа көп мөлшерде сата алады.

Индира БАЙТАСОВА, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ:

Бизнес жасап жатқан қыз-келіншектер бар және бизнес ашқысы келетін қыз-келіншектер бар. Олардың қалай бизнес ашу керек екенін, оны қалай жүргізу керек екенін оның барлық бастамаларын әр кезең-кезеңімен бөліп көрсетіп, айтып. Жілік-жілігімен дейді ғой қазақша айтқан кезде. Барлығын анықтап айтып беру. Оны қалай жүргізу керек екенін, оны қалай басқа деңгейге көшіру керек екенін айтып өтеді.