Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда «Дуаньу» айдаһар қайықтарының мерекесі басталды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2023
  • 1058

ҚазАқпарат – Қытай тұрғындары Ай күнтізбесі бойынша бесінші айдың бесінші күніне түсетін «Дуаньу» айдаһар қайықтарының мерекесін атап өтуде. Осыған байланысты 22-24 маусым мереке күндері Қытайдың ондаған миллион азаматы ел бойынша туристік сапарларға аттанады.

Қытай туризм академиясының бағалауынша, «Дуаньу» мерекесі кезінде 100 млн сапар жасалады, ал туристік шығын 37 млрд юаньді (шамамен 5 5,2 млрд доллар) құрайды. Танымал туристік бағыттар - Бейжің, Шанхай, Ханчжоу, Чэнду, Циндао және басқалары.

«Қытай темір жолдары» корпорациясының болжамынша, осы мереке күндері елдің темір жолдарымен 71 млн-ға жуық жолаушы сапарлайды. Жолаушылар ағыны әсіресе бейсенбі күні көп болмақ - бұл күні Қытайдың темір жолдарымен шамамен 16 млн жолаушы тасымалданады.

Дәстүр бойынша, «Дуаньу» мерекесі кезінде адамдар айдаһар қайықтарымен жарысады және бамбук жапырақтарына оралған және пішіні үшбұрышқа ұқсас әр түрлі салмасы бар жабысқақ күріштен жасалған тәттілер - «цзунцзы» әзірлейді.

Үш күн бойы Қытай қалалары мен кенттерінде түрлі шаралар, халық ойындары мен жәрмеңкелер өтеді.