Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте пара алды деген күдікпен басқарма басшысы ұсталды

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ұсталды. Ол ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдік бар. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Айта кетейік, бұған дейін басқарма басшысының орынбасары болған жас шенеуніктің бұл лауазымға тағайындалғанына небәрі 4 айдай ғана уақыт болған.

ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.