Қытайдың Иньчунь қаласында мейрамханалардың бірінде жойқын жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

Қытайдың Иньчунь қаласында мейрамханалардың бірінде жойқын жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

Қытайдың Иньчунь қаласында мейрамханалардың бірінде жойқын жарылыс болып, 31 адам қаза тапты. 7 адам жарақат алды. Оқыс оқиға сұйытылған газдың әсерінен болған. Қытай төрағасы Си Цзиньпин зардап шеккендерге көмек көрсетуді, тамақтану орындарындағы қауіпсіздік шараларын қайта қарауды тапсырды. Қазір қоғамдық қауіпсіздік органдары 9 адамды, оның ішінде менеджерді, акционерлерді және операциялық персоналды бақылауға алды. Жергілікті билік мейрамхананың қасындағы үйлердің тұрғындарын жақын маңдағы қонақ үйлерге уақытша көшірді.

Парижде газ балоны жарылып, 37 адам зардап шекті. 4 адам ауыр халде. Қирандының астында 2 адам болуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға Америка академиясының ғимаратында болды. Жарылыс салдарынан нысанның алдыңғы қабырғалары қираған. Оқиға орнында 200-ден аса өрт сөндіруші мен құтқару қызметі жұмыс істеуде. Жақын маңда тұратын тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Рахман ОЛИУР, ДҮКЕН МЕНЕДЖЕРІ:

Мен бір әйелді көрдім. Оның қолы кесілген. Мұның бәрін қалай түсіндірерімді білмеймін, бұл қорқынышты.

Квентин ХЬЮБЕРТ, СТУДЕНТ:

Мен Валь-де-Грэйс шіркеуінің алдындағы алаңда болдым, телефонмен сөйлестім. Кенет қатты дыбыс естідім де, артқа бұрылып қарасам, биіктігі 20-30 метрдей алып отты шарды көрдім. Дәл фильмдердегідей. Жарылыстың шуы мен ауқымы мені шынымен таң қалдырды. Әлі күнге дейін құлағымда шырылдап тұр.