Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысын өткізді. Іс-шарада ең алдымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды. Энергетика саласы мен тиімді тариф саясатын дамыту жөніндегі шараларға баса мән берілді. Жылумен қамту және энергия жүйесінің нысандары білікті кадрлармен қамтамасыз етілмегенін, кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу керектігін Президент жауапты министрлерге жүктеді. «Жайлы мектеп», «Қолжетімді интернет», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларының уақытылы, әрі сапалы орындалуын тапсырды.