Елде салафизмді ұстанған 15
мыңдай адам бар. Қазақстанның оларға тыйым салмай-ақ жолын кесуге мүмкіндігі
бар. Себебі теріс діни ағым жетегінде кеткендердің саны едәуір азайып келеді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Дін істері және азаматтық
қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты.
Елде террористік және экстремистік деп
танылған 23 ұйымға тыйым салынған. Министрдің сөзінше, «салафизм» идеологиясын
насихаттайтын сайттар мен әдебиеттердің жолын кесуді министрлік мықтап қолға
алған. Соның нәтижесінде салафиттердің саны кеми түскен.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам
министрі:
Экстремистік ағымдардың
идеологияларына еріп кеткен адамдарды теологиялық тұрғыдан дәстүрлі дінге
оралту мақсатында жеке жұмыстар арқылы іске
асатын болады. Бұл бағытта ІІМ түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілермен жұмыс
жүргізуге ерекше назар аударатын боламыз.
Дауренбек БАҚДАУЛЕТ