Русский Сайттың толық нұсқасы

Шонжыдағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі әйел қаза тапты

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2023
  • 1301

Шонжыдағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға 22 маусымда Ақсай-Шонжы-Қалжат тасжолында болған. 32 жастағы әйел Lexus көлігінің рөлін басқара алмаған.

"Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қайтыс болды. Тағы бір 25 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шонжы ауылының ауруханасына жатқызылды", - делінген Алматы облысының полициясы хабарламасында.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша Ұйғыр ауданының полиция бөлімінде тіркелген.