Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ессіз ғашықпын": Анар Батырхан алпысқа жақындаған актерге тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2023
  • 1493

Белгілі әнші, актриса әрі тележүргізуші Анар Батырхан әйгілі Болливуд актері Шакрух Ханға ғашық екенін айтты. Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Үнді музыкасына деген қызығушылық Шакрух Ханға деген махаббаттан басталды. Шакрух Ханға ғашық болып қалдым. Фильмін көрдім. Болды, басым кетті. Олардың әндеріне, мәдениетіне, фильмдеріне, аксессуарларына қызыға бастадым. Менде өте көп сырға, білезіктер бар. Соған қызығушылық Шакрух Ханнан басталды. Бірақ қазір Шакрух Ханға деген махаббатымды кішкене бәсеңдеттім. Себебі маған тұрмысқа шығу керек", - деді әнші әрі актриса Анар Батырхан.

Сұхбат барысында Анар үнділік актерге ессіз ғашық екенін айтып, ол ұсыныс жасаса, тұрмысқа шығудан бас тартпайтынын жеткізді.

"Ессіз ғашықпын. Жаным... Ол қазір менің атаммен жасты. Егер Шакрух Хан ұсыныс жасаса, әрине, мен тиемін. Жасына қарамаймын. Тап сол Шакрух Хан ұсыныс жасаса, жасына да, ұлтына да қарамаймын. Басқа біреу болса, қараймын", - деді әнші.

Одан бөлек, Анар Батырхан ата-анасының өзін тек қазақ жігітіне тұрмысқа беруді армандайтынын айтқан болатын. Айта кетелік, Шакрух Хан "Болливуд королі" ретінде танылған актер, продюсер және тележүргізуші. Ол 1965 жылы 2 қарашада Үндістан астанасы Нью-Делиде дүниеге келген. 57 жастағы актер жүзден аса фильмге түскен.