Русский Сайттың толық нұсқасы

Отасқанына 14 жыл болған азамат әйелін өзге еркекпен шатастырып алды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2023
  • 1234

Еліміздегі тойлардың бірінде асаба той қонақтарын ойынға қатыстырды. Көпшілікті күлкіге қарық қылған бейнежазба TikTok әлеуметтік желісінде көп қаралым жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Асаба тойға келген бірнеше ер азаматты жинап, олардың әйелдерін бірдей жасыл түсті мантиямен жасырды. Ойын шарты бойынша әр ер азамат өз әйелін қимыл-қозғалысынан танып, табуы керек. Ойын ерлі-зайыптының бір-бірін қаншалықты жақсы білетінін көрсетеді. Алғашқы болып Тимур есімді азамат бақ сынап көрді. Айтуынша, әйелімен отасқанына 14 жыл болған. Ер азамат алдында жасыл мантиядағы бес әйелдің арасынан бесінші нөмірді таңдады.

Асабаның: “Таңдауыңыз неге бесінші нөмірге түсті?” деген сауалына ол: “Іс-қимылынан білдім, жүрегіммен сездім” деп жауап берді. Асаба “Бесінші нөмірдегі жанның есімі Жаннұр екені рас па?” дей бергені сол еді жасыл мантияның үстіне киген мүлде әйел емес, еркек боп шықты.

Ер азаматтың жүрегімен сезгені өзге еркек екенін көргенде той қонақтары да, желі қолданушылары да қыран-топан күлкіге кенелді. Ал қате таңдау жасағанын түсінген азамат ыңғайсыз жағдайға қаолды.

Желідегілер жазбаның астына түрлі пікір қалдырды, арасында тіпті ер азаматтың таңдауын ақтап алмақ болғандар да табылды.

“Жүрегің алдады”, “Әйелі керемет екен”, Болар деп ешкім күтпеді”, “Жүрегің сезгіш екен”, “Жаннұр күйеуінің бұл қателігін өмір бойы бетіне басатын болды”, “Бастысы өзге әйелді таңдаған жоқ қой”, – деп жазды желі қолданушылары.