Елордада жыл басынан бері 150-ге жуық бала жоғалған. Бүлдіршіндер мен жеткіншектер бөтен адамдардың жетегіне тез еріп кетеді дейді мамандар. Тілшіміз әлеуметтік эксперимент жасады. Көшедегі жұрт жалғЫз жүрген балаға көмектесе ме? Көрейік.
Бала, баланың ісі шала. Осы жерден кетпе деп қанша ескертсеңіз де басқа біреу жоқтығыңызды пайдаланып, қулығын асыруы мүмкін. Ал 6 жасар қыздың бейтаныс адамға «Бармаймын!» деп қарсылық білдіргеніне жұрт не дейді?
ЭКСПЕРИМЕНТ:
- Қазір бірге барамыз деймін. Анда тосып отыр мамасы. Кеттік бол. Сіз қайтсесіз.
- Танымайды да ғой сізді. Смотрите она же вас не знает.
- Қайтесіз сіз араласып.
- Ну енді опасно же. Қалдырып кетті ғой. Күте тұрыңызшы.
- Қазір ағаңа бірге барамыз. Кеттік. Кеттік. Бірге барамыз.
- Жаңа бір бала келді ғой. Тастап кетті. Кім боласың сен?
- Ағасы шақырды.
- Танисың ба мына қызды. Неғып онда саған жүр деп жатыр саған.
Экcперимент түсіреміз деп қызымыздан қол үзіп қала жаздадық. Шыны керек жас жігіттің мұндай реакциясын күтпеген едік.
- Қайтесіз сіз араласып.
- Менімен бірге жүрсің ғой иә.
- Жіберіңіз. Біз бірге барамыз. Тосып отыр ар жақта. Сіз қайтесіз араласып. Қайда апара жатырсыз. Жүріңіз. Алып кетуім керек деймін. Қайда әкетіп бара жатырсыз. Алып кетуім керек.
Мән бермегендер де болды.
Балалардың жоғалу дерегі биыл біршама өскен. Көп жағдайда 4 пен 6 жасқа дейінгілер жоғалады.
Ұлбосын МҰСАБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ЕСІЛ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Мысалы аулада баласын ойнатып отырған кезде анасы бір дүкенге кетіп қалып болмаса, телефонға кіріп кетіп жатады ата-аналар. Сол кезде көз алдында жүрген баласын жоғалтып алып жатқан фактілер көп тіркеледі.
Елдос Ермағамбетов 2019 жылдан бері жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына араласып келеді. Ең қиыны науқастар мен егде жастағыларды табу дейді. Бір адамды іздеуге 70-тен астам ерікті атсалысады.
Елдос ЕРМАҒАМБЕТОВ, ЕРІКТІ:
Жақында Бөкейханов көшесінде бала жоғалды. Біздің волонтерлер кешкі сағат сегізден таңғы алтыға дейін іздеді. Ондай жайттар көп болып тұрады. Бала табылды, үйіне аман-есен қайтарылды.
Жоғалғандарды іздеу барысында еріктілердің көмегі орасан зор. Олар қаламыздың барлық полиция бөлімшелерімен тығыз жұмыс істейді. 8 жыл ішінде 1844 бала табылды. Оның 1600 астамы тірі қалған.