Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ер адам қызды есінен танғанша соққыға жыққан

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2023
  • 1044

Алматыда ер адам көшеде қызды соққыға жыққан. Есінен танып қалған қыз медициналық көмекке мұқтаж болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram желісінде пайда болған видеоға сүйенсек, бұл "Тастақ" базары маңында орналасқан "Асыл" сауда үйіне қарама-қарсы жерде болған.

"Бүгін Төле би көшесінде ер адам бір қызды ұрып жіберді. Ол 25 жаста", - делінген видеода.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, күдікті - 1985 жылы туған С. есімді ер адам. Ол қазір ұсталып, тергеу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

"Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", - деді полицейлер.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.