Русский Сайттың толық нұсқасы

Мақпал Исабекованың ұлы Теодор бір жасқа толды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2023
  • 956

Белгілі әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының туған күніне орай әсерлі бейнежазба жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ұлы Теодор дүниеге келген күнді еске алып, жазба жариялады.

“Менің өмірім енді ешқашан бұрынғыдай болмайды. Ұлым дүние есігін ашты. Осындай сыйды тарту еткен Жаратқанға алғысым шексіз. Теодор – Құдайбергенім. Ұлым, өмірім, махаббатым, бақытым туған күнің құтты болсын. Бір Алла өзіңе жар болсын. Өмірің бақыт пен шаттыққа толсын. Әкең екеуіміз сені қатты жақсы көреміз, балам. Ғұмырлы бол! Адал бол балапаным, адам бол. Құдайбергенім менің, туған күнің құтты болсын жаным, жүрегім”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол желіге ұлы мен енесінің суретін жариялады. Тіпті атасы немересіне өлең арнап жазған екен.