Русский Сайттың толық нұсқасы

Арал теңізінің түбінен су табылды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2023
  • 1392

Арал теңізінің түбінен су табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап. 

Теңіздің астында тұщы су болады екен. Оны Сәтбаев университетінің гидролог ғалымдары айтып қана қоймай, тауып, дәлелдеп беріп отыр.

Ұңғылау жұмыстары 500 метр тереңдікте жүргізілген. Нәтижесінде теңіздің құрғап кеткен бөлігінде жер асты суы табылды. Тіршілік көзі алқапты суғаруға жарамды болып шықты. Бұл жоба әсіресе, Аралдың оңтүстік жағының экологиясын қалпына келтіруге тиімді. Атап айтқанда, сексеуіл алқабын көбейтіп, көгалдандыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ ол жерден аң-жануардың бәрі су іше алады. Құмның арасында пайда болатын оазис аймақтың климатына оң әсер етпек. Сөйтіп экожүйені реттейді. Ғалымдардың айтуынша, бұл ауыл шаруашылық мақсатында экожүйені қалпына келтіруге арналған алғашқы жоба. Іске асып жатса, оң өзгеріс әкеледі. Туризмнің дамуына үлес қосады. 

"500 метр тереңдікте бұрғыланған ұңғымадан секундына 8 литрден жер асты суы өздігіен шығатындай суы табылды. Судың минералдығы, былайша айтқанда тұздылығы 3,5 грамм бір литрге мөлшерінде. Нәтижесінде соларды қолдану арқылы Аралдың құрғап қалған құм болып, жаңағы жан-жаққа ұшып жатқан құмдарында ашық жатқан жерде өсімдіктер өсіруге болады", - дейді гидрогеолог ғалым Дулат Қалитов.