Русский Сайттың толық нұсқасы

РФ-дағы ҚР елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2023
  • 832

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі қазақстандықтардан қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге байланысты Ресейдің Украинамен шектесетін шекаралас өңірлеріне барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өздеріңізден қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге байланысты Ресейдің Украинамен шектесетін шекаралас өңірлеріне бармауды сұраймыз. Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас өңірлерде жүрген барлық азаматтардан Ресейдегі Қазақстан елшілігінің консулдық есебіне тұруды сұраймыз (онлайн бойынша)", делінген РФ-дағы ҚР елшілігінің сайтында.

Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдаулар көрсетілетіні де нақтыланады.

Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігінің сенім телефоны: +7-925-897-71-14.