Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдегі жағдайға байланысты доллар қымбаттап, рубль арзандап кетті

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2023
  • 1030

Ресейде қарулы төңкеріс басталған соң валюта бағамы өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Kurs.kz мәліметінше доллар KASE-де белгіленген соңғы саудадағы бағасына қарағанда 3-4 теңгеге қымбаттады. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 459 теңгеге, ал Астанада 457 теңгеге сатылып жатыр. Пунктте долларды сатып алу бағамы Алматыда 451 теңге болса, Астанада 449 теңге.

Ресей рублі болса айтарлықтай арзандаған. Алматыда рубль 5,2 теңгеге сатылса, Астанада 5,15-5,2 теңге сатылып жатыр. Осылайша Ресей валютасы бірден 0,6 теңгеге арзандады.

Еуро 495 теңгеге сатылса, сатып алу бағамы 489 теңге.