Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұз жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегатын жөндеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2023
  • 1074

Екібастұз жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегатын жөндеу аяқталды.

Жөндеу жұмыстары Екібастұз ЖЭО-ның екі қазандық агрегатында аяқталды: №7 (күрделі жөндеу) және №9 (ағымдағы жөндеу). №11, №14 және №15 қазандықтарының ескі жабдықтарын бөлшектеу толығымен атқарылды. №12 және №13 қазандықтарында бөлшектеу және ақаудың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жабдықтарды жаңартумен қатар, станция нысандары да жөнделеді. ЕЖЭО бас ғимаратының жылу контурын қалпына келтіру үшін құрылымға техникалық тексеру жүргізілді, бұзып алып тастауға және ауыстыруға жататын қабырға және төбе плиталарының картасы жасалды. Жұмыстарға өнеркәсіптік альпинистер, мамандандырылған жабдықтар мен техника жұмылдырылған. Жұмыстарды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстары кестеге сәйкес уақтылы жүргізіліп келеді. Бүгінде мұнда 2 400 метрден астам құбыр орнатылған.

Өңір басшысы Асайын Байханов ЖЭО-дағы жөндеу науқанының барысын тексеріп, жұмыс қарқыны мен сапасын төмендетуге болмайтынын атап өтті. Өйткені, алдағы жылу беру маусымдарының сәтті өтуі барлық бағыттағы үйлесімді жұмысқа байланысты.