Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ресми есепте тұрған маскүнемдер саны 186 мыңнан асады

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2016
  • 3004

Елде тіркеуде тұрған 186 мың маскүнем бар. Ал, шын мәнінде, олардың саны одан көп. Солай екенін Ішкі істер министрлігі де мойындайды. Министрлік уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарын, қарапайым айтқанда, айықтырғыштарды көбейту керек деп есептейді. Кезінде аудандардағы айықтырғыштарды жауып тастағанымен, ішкіштер азаймаған.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Бүгінгі күні тағы қосымша 36 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы қажет. Қазіргі күнде 31 бар. Кезінде жабылып қалған. Үлкен қалаларда бар, аудандарда жоқ. Бұрын барлық аудандарда болған. 

Маскүнемдікті азайтуға айықтырғыштарды көбейту септесе ме? Ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан мамандар ғана емес, маскүнемдердің өздері де ақтарылатын арнайы материалды көріңіздер!